Жаңалықтар тізбегі
0

"Полиция қаптап кетті". Қостанай көшесіндегі атыстың себебі анықталды

nashbryansk.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 15:26 nashbryansk.ru
Қостанай облыстық ПД zakon.kz-ге берген түсініктемесіне қаруды қолдану фактісі сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тексеріліп жатқандығы нақтылады.

Қостанай полициясы қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 6 маусымда сағат 6:00 шамасында полицияға Гоголь көшесінде жастар төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен жергілікті полиция қызметінің отряды шұғыл жетіп, жанжалды ауыздықтады. Оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері полицияға жеткізілді. Жауап алу кезінде екі жастың арасында қызға байланысты дүрдараздық туындағаны белгілі болды. Содан кейін екі жақтың таныстары бұл мәселені күшпен шешуге бел буған, - деді Қостанай облыстық ПД.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелген фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай облыстық ПД zakon.kz-ге берген түсініктемесіне қаруды қолдану фактісі сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тексеріліп жатқандығы нақтылады. Алайда, олардың мәліметінше, ауруханаға оқ тиіп, ешкім түспеген.

Айта кетсек, полицияға қоңырау шалып, төбелес туралы хабарлағандар мылтықтың дыбысына ұқсас тарсылды естігендерін айтты

Бұған дейін Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы облыстық ауруханаға үш зардап шегуші келіп түскенін, төбелес түнгі клубтан шыққанын хабарлаған. Бірінің бөксесіне пышақ сұғылса, екіншісінің иегі сынған. Үшіншісінде, мүмкін травматикалық қарудан жараланған, себебі оның кеудесінде көгеру белгілері бар. Куәгерлер оқиға орнында полицияның қаптап кеткенін, тіпті ізкесуші иттер де болғанын айтқан.

Тергеу әрекеттері жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: