Жаңалықтар тізбегі
0

Сенаторлар қашықтан жұмыс істейтіндердің құқығын қорғайтын заң жобасын қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 18:30 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Заң жобасы қашықтан жұмыс істеу түрін құқықтық реттеуге бағытталған.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда сенаторлар "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасы қашықтан жұмыс істеу түрін құқықтық реттеуге бағытталған. Осы құжатты қабылдағаннан кейін қызметкерлер жұмыс берушімен келісім бойынша қашықтан жұмыс істей алады. Жұмыс беруші қашықтан жұмыс істеуді немесе аралас қашықтан жұмыс істеуді төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай, карантин жарияланған кезеңде және басқа да жағдайларда уақытша белгілеуге құқылы.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау – заң жобасының негізгі міндеттерінің бірі. Атап айтқанда, жұмыс беруші қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерін қажетті жабдықтармен, ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметтерімен және басқа құралдармен қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған. Ал қашықтан жұмыс істеу кезіндегі жалақы еңбек шартында көрсетілген жұмыс көлемін орындау кезінде толық мөлшерде төленуі керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: