Тоқаев атом энергиясы мәселелері жөніндегі өзгерістері бар заң жобасына қол қойды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2021 23:41 inform.kz
Заң қолданыстағы заңнаманың құқықтық қайшылықтарын жоюға бағытталған.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заң қолданыстағы заңнаманың құқықтық қайшылықтарын жою, сондай-ақ МАГАТЭ-нің халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестендіру мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.

Заң жобасының негізгі мақсаты реттеу объектілері мен субъектілеріне бірдей талаптар белгілеуге мүмкіндік береді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті реттеудің айқын шекарасын анықтайды. Бұл сайып келгенде ядролық, радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және халықаралық шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: