Тоқаев электр энергетикасы мәселелері жөніндегі заң жобасына қол қойды
Заң мәтінін Ақорда жариялады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген хабарламада.
Заңға сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту («ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына түзетулер) жағдайы қарастырылған.