Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Нарымбетовтың отбасына көңіл айтты

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 23:21 facebook.com
Cатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді - Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сатыбалды Нарымбетовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Cатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды. Сондай-ақ әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Алматыда 8 шілдеде таңертең танымал қазақстандық режиссер әрі сценарист Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: