Желіде "ұшқыш" балықтардың видеосы тарады

pixabay.com pixabay.com
Біртүрлі жайт Атырауда орын алған.

Атырауда балықтар шоршып, секіріп балықшылардың қайығына өзі түсіп жатыр. Әзірге, мамандар бұл жайтқа байланысты тіс жарып ештеңе айта алмай отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Дені карп тұқымдасына жататын дөңмаңдай. Бір қызығы, бірлі жарым емес. Айдынның беті толған балық! Әдетте су мақұлығының тылсым сыры көп. Балықшылардың айтуынша. олар өскен ортасындағы қандай да бір өзгерісті сезсе, осылай тынышсызданады. Ал мынадай жағдай негізінен өзен суы ластанғанда, болмаса айдын беті шуға толып, қозғалыс көбейгенде байқалады екен.

Естеріңізге сала кетейік, екі жылдан бері Жайық және Қиғаш өзендерінде тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Сол себепті жылдағы өрісте қолайсыздыққа бола балықтар өзінше "мінез танытуы да әбден мүмкін", – дейді балықшылар. 2018 жылы Жайық өзеніндегі жаппай балық қырылуынан бір апта бұрын құты балығы жаппай Каспий теңізіне ұмтылған еді. Әзірге мамандар бұл жайтқа байланысты тіс жарып ештеңе айта алмай отыр.

<p

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз