Жаңалықтар тізбегі
0

24 тамызда Қазақстанда қандай ауа райы күтілуде

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 23:22 pxhere.com
Ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы.

2021 жылғы 24 тамызда антициклон жотасының әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі, таулы аудандарда және батысында жел 15-20 м/с күшейеді, батысында шаңды дауылмен.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстік-батыста найзағай күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының жағалауына тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: