Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайдағы аяз екі адамының өмірін жалмады

Вісті Придніпров'я, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 16:50 Вісті Придніпров'я
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды метеорологиялық құбылыстарға мән беруді сұрайды.

Қостанай облысында екі әйел адам үсік шалып қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz "Алау" жергілікті баспасына сілтеме жасап.

Ауа-райының төмендеуіне байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында, Қостанай облысының ТЖД-де облыстық жедел штаб жұмыс жасауда. Оның құрамына жол ұйымдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен ішкі істер органдарының өкілдері кірді.

"Қостанай облысының Денисовка мен Әуликөл аудандарында 1990 және 1968 жылғы екі әйел адамның үсік шалып қайтыс болу деректері тіркелді", - деп хабарлады ведомства өкілдері.

Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан метеорологиялық құбылыстарға мән беруді, аса қажет болмаса далаға шықпауға және балаларды қыдыруға жібермеуге кеңес береді. Ал автожүргізушілерден алыс жолдарға шықпауға және көліктерін аязды ауа-райына дайындау сұралады. Ал енді алыс жолға қатты шығу қажет болған жағдайда - өдерімен бірге жылы заттар алып жүрген абзал. Мұның барлығы аязды күндерде болатын қолайсыз жағдайларда септігін тигізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: