2022 жылы бірқатар әлеуметтік төлемнің көлемі өседі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 18:16 zakon.kz
Атап айтқанда, еңбекке жарамдылықтан, сол секілді асыраушысынан айырылғандардың әлеуметтік төлемі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

2022 жылдың 1 қаңтарында тағайындалған еңбекке жарамдылығынан және асыраушысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бес пайызға арттырылсын, делінген құжатта.

Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: