Сарапшылар оқушылардың ата-аналары жіберетін басты қателіктерді атады 

zakon.kz/Максим Золотухин zakon.kz/Максим Золотухин
Дәрігердің айтуынша, ата-аналар арасында кең тараған тағы бір қателік баланы оқу жылының ортасында өзімен бірге демалысқа алып кетуі екен. Мұндай жағдайда баланың оқу үлгерімі төмендеп кетуі мүмкін.

Оқушыларда күн кестесінің болмау, мектептегі ыстық тамақтан, екпелерден бас тарту, офтальмологтың кеңестеріне құлақ аспау – ата-аналардың басты қателігі. Бұл туралы Мәскеудегі Денсаулық сақтау депортаментінің бас педиатры Исмаил Османов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Баланың күн режиімінің, әсіресе таңертең тұру режимінің болмауына маман аса маңыз береді. Сондай-ақ, балабақшаға бармаған балалар 30-35 минут сабақ бойында жинақы болуы қиынға соғады деп хабарлайды РИА Новости.

Оқушыларға мұғалімнің ықпалды жан екендігін түсіндіріп, айтқанын екі еткізбей істету және мектепке баланың ойыншықтарын әкелдірмеу өте маңызды,- дейді педиатр.

Дәрігердің айтуынша, ата-аналар арасында кең тараған тағы бір қателік баланы оқу жылының ортасында өзімен бірге демалысқа алып кетуі екен. Мұндай жағдайда баланың оқу үлгерімі төмендеп кетуі мүмкін.

Оқу процесіне кедергі болатын нәрселер қатарына: ыңғайсыз киім мен аяқ киімдер, портфель мен оқу-сызуға керекті құрал-жабдықтың дұрыс таңдалмауы, бөлмесіндегі сабақ оқитын орынның дұрыс жабдықталмауы.

Османов ыстық тамақты ішудің маңызды екендігін атап өтті және одан бас тарту арқылы ата-аналар қателікке бой алдыратынын жеткізді. "Ата-аналардың балаға ыстық тамақты уақытылы ішу керектігі жайлы айтқандығы жөн", - дейді ол.

Балаға екпе салдырудан бас тарту да үлкен қателік. Өйткені балалар арасында инфекциялардың, оның ішінде пневмомококтық инфекция, желшешек ауруының, көкжөтел мен қызылшаның жұқтыруына әкеліп соғады. Сонымен қатар, офтальмологтардың кеңесіне құлақ асу қажет. Олар баланың тақтаға қандай арақашықтықта отырғаны дұрыс болатынын айтып береді, - дейді педиатр.

"СберЗдоровье" медициналық онлайн сервисінің психотерапевті Гурген Хачатурянның айтуынша баланың оқу жылына үйренісуі үшін тамыз айынан бастап баланың ұйқы режимін ретке келтіре бастай беру керек. Ойлау жүйесін дамытып, оқу жылының алдында балаға кішігірім сыйлық беруіңізге де болады, - дейді Хачатурян. Оның пікірінше балаға жаңа оқу жылына үйренісуі қиынға соғуы мүмкін, сондықтан аталған кеңестерге құлақ асқан жөн.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз