Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық құтқарушылар су бетін шолу кезінде батып бара жатқан бозбаланы көріп қалған

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 16:36 Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Маусым айынан бері құтқарушылар 1000 рейд жүргізіп, 8,5 мың жадынама таратып, 11 адам құтқарды, олардың төртеуі - балалар.

16 қыркүйек күні кешке "109" қызметінің қызметкерлері Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге Сайран көлінде батқан жігітті құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алмалы ауданының құтқарушылар Сайран өзені жағасын шарлап, су бетін шолуда әлсіз бір қозғалысты байқайды. "109" қызметінің қызметкерлері Игорь Клунский мен Наил Сеитов оның суға батып бара жатқан адам екенін анықтады.

Жігіт жағадан 9 метр алысқа кетіп қалған. Кейін достары оның суға батып жатқанын көргенде, әзілдеп жатыр деп оған сенбепті.

Құтқарушылар жігітті судан шығарып алды. Белгілі болғандай, бозбала қайықтарға дейін жүзіп жеткен, ал кері қайтарда әлі бітіп, шаршап қалған.
Наиль мен Игорь жігітті жағаға жеткізіп, одан түсініктеме алды. Содан соң, оларды үйлеріне жіберді. 19 жастағы Ильхамның осылайша жолы болды.

Көбінесе жазатайым оқиғалар өз күшін дұрыс бағаламаудан болады. Суға батып бара жатқан адамдар, әдетте агрессивті болуы мүмкін, бірақ бұл ашу емес, бойын үрей жайлаған адам тыпыршып, кез келген затқа қарманады, ол мені де ұстап, төмен тартты. Сондықтан, егер достары көмекке барғанда оларға да қауіп төнетін еді, - дейді құтқарушылар.

Маусым айынан бері құтқарушылар 1000 рейд жүргізіп, 8,5 мың жадынама таратып, 11 адам құтқарды, олардың төртеуі - балалар.

Құтқару бекеті ауа-райы нашарлағанға дейін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 16:36

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: