Студенттерді шетінен жатақханадан шығарып жатыр. Әкімдік түсінік берді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2021 21:31 pixabay.com
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шетін жайт екенін айтты.

Алматыда оқитын бірінші курс студенттері карантиндік шектеулерді сылтауратып, өздерін жатақханадан шығарып жатқанына шағымданды. Әкімдік бұл арада ешқандай шектеулер жоқтығын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Студенттерді жатақханада орналасуы бойынша қандай да бір ресми шектеулер жоқ, - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Оның айтуынша, басқа өңірлерден келген бірінші курс студенттерін жоғары курс студенттерінен бөлек қоныстандырған. Бұл абитуриенттер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары болғандығымен байланысты түсіндірілді.

Бекшиннің айтуынша, осылайша бөлек орналастыру аурудың жаппай таралуын болдырмауға мүмкіндік берді.

Тағы да қайталап айтамын, біз студенттерді қоныстануына қатысты ешқандай шектеулер қойған жоқпыз, - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шетін жайт екенін айтты. Ол студенттерді жатақханадан шығару бойынша нақты фактілерді әкімдікке жолдауды сұрады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: