Цой еліміздегі эпидахуалды баяндады
zakon.kz/ Павел Михеев
Тұтастай алғанда, 1 тамыздан бастап жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың қамтылу деңгейі 56%-дан 36%-ға, ал жан сақтау бөліміндегі орындар 45%-дан 33%-ға дейін төмендегені байқалады.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың жайын баяндады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, алты аймақ - Алматы, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай облыстары "сары" аймақта. Сонымен қатар "жасыл" аймақта алты өңір бар: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы. Бес өңір - Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары "қызыл" аймақта әлі қалып отыр.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыруға қол жеткізілді. Тәулігіне 2000-ға дейін жағдай тіркеліп жатыр, бұл инфекцияның таралуына түрткі болып отыр. 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,2 есеге, яғни - 1,11-ден 0,96 ға дейін төмендеді, - деді Денсаулық сақтау министрі Мәжілістегі үкіметтік сағатында.
Тұтастай алғанда, 1 тамыздан бастап жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың қамтылу деңгейі 56%-дан 36%-ға, ал жан сақтау бөліміндегі орындар 45%-дан 33%-ға дейін төмендегені байқалады. Дегенмен оған қарамастан резервтік төсек-орын қоры дайындалып қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript