Шымкентте қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды
pexels.com
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.
Шымкентте қоқыс контейнерінен өлі сәби табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қала полициясының мәліметінше, сәбидің денесін 18 қазанда аула сыпырушы тапқан.
Қоқыс жинау компаниясының қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ жаңа туған нәрестенің мәйіті салынған пакетті тапты, - деді қалалық Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды, - деп атап өтті ведомствода.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript