"Самара-Шымкент" тас жолында қозғалысты реттеушіні қағып кетті

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
"ВАЗ-2115" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

18 қазан күні сағат 20:00-де "Самара-Шымкент" автожолында (Әйтеке би ауданы Қарабұтақ кентінің маңында) жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

"ВАЗ-2115" автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының толық тоқтатуға дейін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған, жол-жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскеге кіріп, осы учаскедегі қозғалысты реттеуші ЖШС-нің 49 жастағы қызметкерін қағып кетті. Сосын ары қарай жүріп, қарама-қарсы бағытта тұрған WAF маркалы автокөлікті соқты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ВАЗ-2115" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, екінші жолаушы мен ЖШС қызметкері Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент автожолдың осы учаскесінде жол-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бірақ оның жолдың көрінуіне еш әсері жоқ екенін, реттеудің техникалық құралдары бар екенін атап өтті.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тіркелді.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз