Жаңалықтар тізбегі
0

Шенеуніктер алған жалақысына лайықты - Дәурен Абаев

теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 22:49 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілетсіз болғаны соншалық, көптеген қызметкерлер, оның ішінде сарапшы деңгейіндегілердің өзі кез келген басқа салада, тіпті қызмет көрсету саласында да көп табыс таба алатын

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы не үшін өсті, ол туралы ашық айтуға неге ұялмау керек. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Открытый диалог 2.0»  бағдарламасының эфирінде Абаевқа жүргізуші бірнеше баспасөз мәслихатында шенеуніктерден журналистер қанша табыс табатынын, қанша ақшасын азық-түлікке жұмсайтынын сұрағанын еске салды. Ал шенділердің жауабы қазіргі қиын экономикалық жағдайда, көбінесе халық арасында жағымсыз реакция тудырып жатқаны да айтылды.

Бұл, әрине хайп. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануды қанша жерден сынап жатса да жөн деп санаймын. Мемлекеттік қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлқын айтсын. Бірақ, менің ойымша, журналист министрдің немесе әкімнің жалақысы туралы сұрап, өзін керемет журналистік зерттеу жүргізіп жатқандай кейіп танытуы, тіпті күлкілі болып көрінеді. Ал Үкімет пен әкімдіктегі әріптестеріме қызарақтамай, кегежектемей, жалақысы туралы ашық әрі байыппен жауап беруге кеңес берер едім. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев

Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы Президенттің тапсырмасы бойынша көтерілгенін еске салды. Бұл – білікті мамандар үшін күрес.

Біліктілігі жоқ мемлекеттік қызметкермен кездескенде, оның орнында отыруы тиіс сауатты маман қазір банкте жұмыс істеп жатқанын еске алыңыз. Немесе кез келген басқа коммерциялық компанияда. Дәурен Абаев

Мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілетсіз болғаны соншалық, көптеген қызметкерлер, оның ішінде сарапшылар деңгейіндегілердің өзі кез келген басқа салада, тіпті қызмет көрсету саласында да көп табыс таба алатын.

Бұл ретте, ең алдымен, өңірлердегі жалақыны көтердік. Өйткені, жергілікті өңірлерде біліктілік мәселесі бірінші орынға шығады.ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев

Көбінесе, әкімдік конкурс өткізеді, ал лауазымға бір-ақ адам өтініш береді. Себебі жалақы аз. Егер ол жұмысқа алынып жатса, ешкім оның құзыреттілігінің деңгейін тексермейді. Ал жалақы көтерілгеннен кейін конкурсқа өтінімдер саны жеті есеге өсті. Шын маман келеді, халықтың өмір сүру сапасы артады.

Тағы бір мәселе – жауапкершілік деңгейі. Жүздеген миллион теңгенің құжаттарына қол қоятын қандай да бір министрліктегі немесе әкімдіктегі бастықты көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Егер тексеруші органдар осы құжаттан қандай да бір қателік тапса, әрине басшы басымен жауап береді. Осындай ауқымды жауапкершілік бұрынғы жалақыға татушы ма еді? Дәурен Абаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: