Мажарстан премьер-министрі Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, хат жолдады

Құттықтау жеделхаты, Тоқаев, Мажарстан, премьер-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2026 18:47 Сурет: Ақорда
Мажарстан премьер-министрі Қазақстан президентіне ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 11 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан. Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария премьер-министрі болып сайланған Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: