Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

Сүйінші сыйқорабы Сурет: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz

«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.

«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!» – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын рәсімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды.

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

Тәуелсіздік күні

Сурет: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз