Боран, тұман, көктайғақ. 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы Сурет: pxhere
Синоптиктер 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерін қоспағанда, республикамыздың бүкіл аумағына әсер етеді. Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, қар түседі. Солтүстік аймақтарда бұрқасын болады. Республикамыз бойынша тұман басу, көктайғақ, қатты жел тұруы күтіледі, еліміздің оңтүстігіндегі таулы асуларда қатты соққан желдің екпіні секундына 30 метрге дейін барады. "Қазгидромет" РМК

Синоптиктер Түркістан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде түнде шаңды дауыл тұрып, облыстың батысы мен таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз таулы асуларда желдің екпіні 30 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысы мен шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, жел қарқыны 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстік жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының орталығы мен солтүстік-шығысында – тұман, көктайғақ, қос облыстың батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында – тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-қа дейін күшейеді, облыстың батыс жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман түседі, күндіз солтүстік-батыста, батыста қатты жел тұрады, екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м /с, күндіз, тіпті 23 м/с жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз