Жаңалықтар тізбегі
0

Сақ болыңыз! Агенттіктің атын жамылған алаяқтар көбейді

Сатып алулар, алаяқ, жалған агенттік қызметкер , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 11:40 Сурет: gov.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық қызметпен байланысты алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz

Интернетте және БАҚ-та түрлі қаржы делдалдары мен консультанттарының тарапынан инвестициялық қызмет көрсету жөніндегі ақпарат белсенді түрде таралуда. Бұл ретте көбіне қазақстандықтар өздерін Қазақстанда және одан тысқары жерлерде жұмыс істейтін нақты қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтарға тап болуда.

Алаяқтардың көпшілігі кеңінен таралған схеманы пайдаланады: олар WhatsApp, Telegram, әлеуметтік желілері, электрондық пошта арқылы әрекет етеді, «суық» қоңыраулар пайдаланады. Бұл ретте қылмыскерлер өздерін инвестициялық компаниялардың қызметкерлері ретінде таныстырып, бағалы қағаздарға ақша салуды ұсынады. Оның орнына алаяқтар әлеуетті құрбанына жоғары инвестициялық кіріс, консультациялар алуға, ілеспе қызметтер көрсетуге уәде етеді, ол үшін жалған брокерлік шоттарға түрлі сома аударуды өтінеді.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі баспасөз қызметі

Ақша аударылғаннан кейін алаяқтар клиентпен өз қаражатын ішінара немесе толығымен алғысы келген сәтке дейін ынтымақтаса жұмыс істейді. Одан соң әдетте «салымшылардың» жалған брокерлермен қарым-қатынас орнатуында қиындықтар туындай бастайды, тіпті көптеген жағдайларда алаяқтар алдыңғы салынған қаражатты толық алу үшін қосымша сома салуды талап етеді.

Жеке мүлкін сақтау үшін Агенттік қазақстандықтарға мынадай қарапайым ережелерді басшылыққа алуға кеңес береді:

  • Қазақстан аумағында брокерлік қызметті және инвестициялық портфельді басқару қызметін лицензиясы бар субъектілер ғана жүзеге асыра алады. Компанияда лицензияның болуын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында мына жерде тексеруге болады.

  • Сонымен бірге өкілдер сілтеме жасайтын сайтқа немесе инвестициялық компанияның қосымшасына кіріп, барлық орналастырылған ақпаратты, оның ішінде қаржылық есептілікті, уәкілетті органның лицензиясын, үлгілік шартты, сондай-ақ басқа да ілеспе құжаттар мен ақпаратты мұқият зерделеу қажет. Қажет болған жағдайда, өзара іс-әрекет ықтимал алаяқпен емес, кәсіби қатысушымен жүзеге асырылатынына көз жеткізу үшін ресми ресурста көрсетілген байланыс деректемелеріне қоңырау шалу керек.

  • Жарнамаға әрдайым сақтықпен қарау қажет: БАҚ-тағы, интернет-ресурстардағы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі жоғары кірістілікке уәде еткен, шамадан тыс жарнама көбіне алаяқтық болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланған кәсіби қатысушыларға жоғары кірістілікке не инвестициялаудан шығын болмайтынына кепілдік беруге тыйым салынады.

  • Әрқашан деректерді қайта тексеріңіз, әлі көрсетілмеген қызмет немесе алынбаған тауар үшін төлем жасамаңыз, белгісіз шоттар мен телефон нөмірлеріне ақша аудармаңыз, интернет желісіндегі күдікті сілтемелерге өтпеңіз және банктік карталарыңыздың деректерін хабарламаңыз.

Қазіргі уақытта Агенттік форекс нарығында жеке тұлғалар үшін қызмет көрсететін субъектілерді реттеу аясына қосу, инвестициялық консультация беруге қатысты жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл шараларын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: