Құрмет Талапқазы "Халық алғысын" иеленді
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, халықтың алғысына бөленген Құрмет Талапқазыға марапатты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев тапсырды.
Құрметтің отаншылдығы жастарға үлгі болатынын айтқан басқарма басшысы оған естелік сыйлық ұсынып, Түркістан өңірінің еңбекқор жұртшылығы игі бастамаларды әрқашан қолдап келе жатқанын атап өтті. Азаматқа елдің ықыласы ерекше екенін жеткізді.
Еске салсақ, қоғам белсенділері әлеуметтік желі арқылы биыл ала жаздай қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына шөп жинап көмек көрсеткен Құрмет Талапқазыға Тәуелсіздік күніне орай құрмет көрсетілуін талап еткенін жазған едік.
Тақырыпқа орай мына мақаланы оқи отырыңыз
Көп ұзамай Ғылым және білім министрлігі Құрмет Талапқазыға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алуға мүмкіндік бергендігі туралы сүйінші хабар келді.
Тақырыпқа орай мына мақаланы оқи отырыңыз
Биылғы жылдың басты марапаты: елгезек шымкенттік жігіт оқуға тегін қабылданды
Жақында қазақ халқы алғыс ретінде қомақты қаржы жинап, оған үй алып берді.