Жаңалықтар тізбегі
0

Цифрлық даму министрі ХҚКО қызметкерлерінің еңбекақысын өсіруге тапсырма берді

ХҚКО, "Азаматтарға арналған үкімет", Мусин, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 17:53 Сурет: Zakon.kz
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ХҚКО қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасына тапсырма бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Министр азаматтардан түрлі тақырыпта жүздеген жеке хабарлама келетінін айтты. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініштер түскен.

ХҚКО қызметкерлеріне артылған жүктеме өте үлкен. Біздің фронт-офистер – мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді офлайн алудың жалғыз көзі.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, ол өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқылаған.

Әділ Қожықовқа («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы – ред.) барлық аймақтардан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Ол "еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды" екенін атап өтті.

5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Осы мәселені жылдам жөндеу қажет. Алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс.Бағдат Мусин.

Еске салсақ, жаппай тәртіпсіздік салдарынан жұмысын уақытша тоқтатқан ХҚКО-лар 12 қаңтардан бастап қайта ашыла бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: