Алматы хайуанаттар бағында қолтырауын 50 жасқа толды

Қолтырауын Сурет: pixabay
Алматы хайуанаттар бағында тіршілік етіп жатқан қолтырауын 50-ге толды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл қуанышты хабар хайуанаттар бағының Instagram парақшасында жазылды.

Құрметті достар! Биыл зообағымыздағы Зина есімді кайман қолтырауыны 50 жасқа толды! Ол 1972 жылдың 1 қаңтарында туылған. Зина бізге 2002 жылдың 18 шілдесінде Германияның Иккермюнд хайуанаттар бағынан әкелінді.Алматы хайуанаттар бағы

Сонымен қатар, Алматы хайуанаттар бағы Зинаның мінез-құлқын да сипаттай кетіпті.

Зина мінезді. Тыныштықты жақсы көреді, аяқ астынан ашуланып кетуі де мүмкін. Қасына өзгелерді жақындата бермейді. Дегенмен біздің герпетолог мамандарымыз онымен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатқан. Денсаулығын қарап, бақылауда ұстап отыр. Алматы хайуанаттар бағы

Жалпы каймандардың өмір сүру ұзақтығы – орта есеппен 30-40 жыл. Ал жабайы табиғатта 24 жыл өмір сүрген кайман бар. Біздің Алматылық хайуанаттар бағынының тұрғынына айналған кайман қолтыруыны Зина ректордтық 50 жасқа толып, қуантып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз