Алматы хайуанаттар бағында жыртқыштардың немен қоректенетіні белгілі болды
Фото: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағында арыстандар мен жолбарыстардың немен қоректенетіні айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, зообақтағы әр арыстан күн сайын 5 кг ет алады, ал жолбарыстар 6-дан 10 кг-ға дейін алады. Олардың рационына сиыр еті, тауық еті, қоян еті, кейде балық та кіреді. Тамақ мөлшері жануардың салмағына, жасына және жынысына байланысты.
"Аптасына бір күн ет өнімінен тыс тамақ беріледі, өйткені табиғатта жыртқыштар күн сайын етпен тамақтанбайды",- делінген зообақ ақпаратында.
Ал, Шымкенттегі хайуанаттар бағында нағыз "бейби-бум" орын алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript