Мемлекет басшысы: Jas Otan-ның қомақты ресурстары дұрыс пайдаланылмай отыр

Jas Otan Сурет: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы әрі Nur Otan партиясының жаңадан сайланған төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс XXI Съезінде Jas Otan жастар қанатының жұмысына көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz
Jas Otan-ның нақты жұмыс істеу мүмкіндігі зор. Партияның жастар қанатының республика бойынша 100 мыңнан астам мүшесі бар. Алайда бұл қомақты ресурстар дұрыс пайдаланылмай отыр.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Съезде жасаған баяндамасында қалалардағы әлеуметтік жағдайы төмен жастармен нақты жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ ол Jas Otan-ға пайдалы қоғамдық жұмыстармен айналысуға дайын, жастардың сеніміне ие болған көшбасшыларды қабылдау қажеттігін айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жастардың басым бөлігі елде іске асырылып жатқан маңызды жобалар туралы білмейтінін сынға алып, жағдайды түбегейлі өзгертуді бұйырды.

Мемлекет жастарды жұмыспен қамту, білім беру және оқыту бағытында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Алайда сауалнама нәтижелері көрсеткендей, жастардың көпшілігі олар туралы ештеңе білмейді. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту керек.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ мемлекет басшысы кезектен тыс съезде партияның бұған дейін атқарып келген жұмысын сынады.

Тақырып бойынша оқи отырыңыз:

Президент Nur Otan-ды сынға алды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз