Қазақстанда заттардың стандартты үлгілерін қолдану туралы заңға қол қойылды

Жаңа заң Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысы «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Ақорда

Бұл құжат қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге осы келісімге қатысушы елдерге экспорттау кезінде тізілімге енгізілген мемлекеттік стандартты үлгілерді қосымша сынақтарсыз немесе зерттеулерсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл отандық кәсіпкерлерге өз қаржысы мен уақытын үнемдеуге жол ашады.

Осы келісімді ратификациялау арқылы келісімге қатысушы елдерде сынақтар бойынша қосымша рәсімдер жүргізілместен, Қазақстанда әзірленген стандартты үлгілерді тануға мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстан Республикасында стандартты үлгі өндіріліп, сынақтардан және үлгінің типін бекітуден өтсе, келісімге қатысушы басқа ел, техникалық құжаттаманың сараптама нәтижелерін қосымша сынақтарсыз мойындайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз