9 ақпан елімізде қар, көктайғақ және тұман болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, тек республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді.«Қазгидромет» РМК
Синоптиктердің болжауынша, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ орын алады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, күндіз батыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста бұрқасын болады. Облыс бойынша – жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Қостанай облысының шығысында – аздаған бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында – тұман, түнде облыстың шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында – төмен қарлы боран, облыстың оңтүстік-шығысында – тұман орын алады.
Атырау облысының солтүстігінде – тұман, облыстың батысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында – тұман, көктайғақ.
Солтүстікте, Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде, батысында, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстікте , Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында – тұман болады.