«Тобыл» футбол командасының ойыншысы Руслан Валиуллинді мәреден 24 айға шеттетті

Руслан Валиуллин Фото: Instagram/rv.09
Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы ФИФА Тәртіп комитетінен футболист Руслан Валиуллинді екі жылға дисквалификациялау туралы ресми хат алды, деп хабарлайды Zakon.kz
«Ойыншыға 24 ай мерзімге санкция берілді. 2021 жылдың 10 қыркүйегінен 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін футболға қатысты кез келген әрекеті тоқтатылды», – делінген FIFA Тәртіп комитетінің хатында.

Футболист аппеляцияға шағым түсірмек.

Айта кетейік, Жазда Руслан Валиуллин Украинамен өткен ойыннан кейін допинг сынамасын тапсырып, ол оң нәтиже берген еді.

Еске сала кетейік, жартылай қорғаушы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Украина матчының басты қаһарманы атанған еді. Футболист дубль жасап, Қазақстан құрамасы тең нәтиже көрсетуіне себеп болған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз