Бір жылда Қазақстаннан 32 мыңнан астам адам көшіп кетті

Қоныс аударды Сурет: Pixabay
Өткен жылы Қазақстаннан шет мемлекеттерге 32 209 адам көшіп кеткен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға көп, деп хабарлайды Zakon.kz

Ulysmedia.kz жариялаған ақпаратқа сай, бір жыл ішінде сол кезеңде елге 10 982 адам көшіп келген. Бұл 2020 жылға қарағанда 4,1%-ға аз.

Көшіп кеткен азаматтарды елдер бойынша жіктесек, ең көп адам Ресейге – 26 679, Германияға – 3132, Польшаға – 459, АҚШ-қа – 338, Беларусияға – 287, Өзбекстанға – 187, Израильге – 165, Қырғызстанға – 121, Украинаға – 102, Канадаға – 101, Түркияға – 97 адам кетті.

Сонымен қатар Қазақстанға Өзбекстаннан – 4159 адам, Ресейден – 3445, Қырғызстаннан – 559, Әзірбайжаннан – 374, Түрікменстаннан – 345, Тәжікстаннан – 268, Қытайдан – 249, Түркиядан –215, Ауғанстаннан – 187, Германиядан – 183, Монғолиядан – 110, Грузиядан – 95, Ираннан – 80, Беларусиядан – 70, Оңтүстік Кореядан – 62, АҚШ-тан – 61 адам көшіп келді.

Өңірлер бойынша таразыласақ, қазақстандықтардың басым бөлігі шетелге Қарағанды облысынан (4603 адам) көшкен. ШҚО-дан – 4081, Қостанай облысынан – 3367, Павлодар облысынан – 3352, Алматыдан – 3234, СҚО-дан – 2381, Ақтөбе облысынан – 1974, Ақмола облысынан – 1967 қоныс аударған.

Ал ел iшiнде Қазақстан тұрғындары ең көп Маңғыстау облысына – 2730, Алматыға – 1848, Шымкентке – 926, Нұр-Сұлтанға – 769, Қостанай облысына – 732, Түркістанға – 537, СҚО-ға – 518 және Ақтөбеге – 498 қоныс аударған.

Ұлты бойынша топтасақ, өткен жылы Қазақстаннан 21 776 орыс, 3041 неміс, 2346 украин, 1613 қазақ, 975 татар, 443 поляк, 438 беларусь, 185 кәріс, 134 өзбек, 126 әзірбайжан, 103 молдаван, 93 шешен, 70 башқұрт, 66 грек, 65 армян, 56 ингуш, 54 дұнған және 51 болгар қоныс аударды.

Керісінше осы уақыт аралығында елге 4383 қазақ, 2530 орыс, 661 өзбек, 558 қарақалпақ, 489 әзірбайжан, 284 украин, 278 қырғыз, 271 тәжік, 202 кәрic, 198 түрік, 191 татар, 176 неміс, 125 ауған, 77 армян, 57 шешен, 57 ұйғыр, 47 беларусь көшіп келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз