2021 жылы еліміздегі тауар айналымы 101,5 млрд долларға жетті
Тауар айналымының негізгі үлесін өңделген тауарлар бойынша сауда иеленді. 2021 жылы бұл көрсеткіш 58,1 млрд доллар болған. Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 12%-ға жоғары.
2021 жылы экспорт 26,9%-ға өсіп, 60,3 млрд долларға жетті. Импорт 5,8%-ға өсіп, 41,2 млрд доллар болды.
Қазақстаннан экспорттың негізгі тауарлары мыналар: мұнай, шикі мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалар, табиғи газ, уран, кендер мен темір концентраттары, мыс кендері мен концентраттары, бидай.
Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары мыналар: есептеу машиналары, автомобильдерге арналған шанақтар, жеңіл автомобильдер және автомобильдер мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектер, телефон аппараттары, бөлшек сауда үшін өлшеп оралған дәрілік заттар. Сонымен қатар вакцина, қан сарысуы және қан.
2021 жылы Қазақстанның негізгі сауда серіктес елдері:
1. Ресей. Екіжақты сауданың жалпы көлемі – 24,2 млрд доллар.
2. Қытай. Тауар айналымы шамамен – 18,2 млрд доллар.
3. Италия. Өзара сауда көлемі 9,6 млрд доллардан асты.
Негізгі серіктес елдердің ондығына Нидерланды, Түркия Өзбекстан, Франция, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Үндістан, Испания, Румыния, Греция, Швейцария кірді.