2021 жылы инфляция 8,4% құрады
![Инфляция, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2022 16:13](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f41ef247-b5cf-4b00-b522-896652388402/800x451.webp)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы желтоқсанда инфляция 0,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 0,9%) болды, деп хабарлайды Zakon.kz
Жылдық инфляция 8,4% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%-ға, ақылы қызметтер – 6,5%-ға көтерілді.
2021 жылғы желтоқсанда халықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 10,3% болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript