Қазақстанда инфляция бойынша деректер жаңартылды: маусым айында не арзандады

Цены на продукты, цены, цена на продукты, цена, подорожание, повышение цен, подорожание продуктов, повышение цен на продукты, стоимость, стоимость продуктов, увеличение стоимости, увеличение стоимости на продукты, рост цен, рост цен на продукты, увеличение цен, увеличение цен на продукты, инфляция , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 16:51 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде инфляция бойынша жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметке сүйенсек, 2026 жылғы маусымда елімізде инфляция 0,8% құрады. Кейбір азық-түлік тауарларының бағасында маусымдық төмендеу байқалғанымен, бағаның айлық динамикасына қызметтердің және азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлері ең көп үлес қосты.

  • Бір айдың ішінде жекелеген көкөністер мен тамақ өнімдері арзандады. Мәселен, тәтті бұрыш бағасы – 12,6%, қызылша – 7,8%, жұмыртқа – 3,8%, банан – 3,3%, баялды – 1,7%, қара шай – 1,1%, бидай жармасы мен алма – 0,8%, шоколад пастасы – 0,3% төмендеді.
  • Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың арасында бірқатар ұзақ пайдаланылатын тауарлар мен медициналық өнімдер бағасының төмендеуі байқалды. Мәселен, шаңсорғыш – 7,2%, үтік – 5,4%, медициналық бетперде – 4,1%, электр шәйнек – 2,9%, модемдер мен роутерлер – 1,5%, ноутбук – 1,2%, парацетамол – 0,8%, қолға арналған крем – 0,6% арзандады.
  • Ал, ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифтері 3,7%, суық су тарифтері 3,2% төмендеді.
"Жылдық мәнде 2026 жылғы маусым айында инфляция 10,3% құрады. Бұл ретте жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша өткен жылмен салыстырғанда бағаның айтарлықтай төмендеуі сақталып отыр. Мәселен, қызылша – 26,9%, қызанақ – 23,8%, қияр – 20,8%, пияз – 15,9%, сарымсақ – 11,9%-ға арзандады",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, ұзақ пайдаланылатын жекелеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының төмендеуі жалғасуда. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда автомобильдер – 9,9%, кондиционерлер – 9,7% арзандады, сондай-ақ жекелеген дәрілік препараттар мен тұрмыстық техника да құнының төмендегенін көрсетіп отыр.

Бұл ретте, 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда суық су тарифтері 40,8% төмендеді.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

Бұған дейін Олжас Бектенов инфляцияны төмендету жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: