Қазақстанда Астана есімін иеленген 26 адам бар: елорда туралы қызық деректер
Фото: pixabay
Елдің бас қаласы туралы 20 қызықты дерек:
Астана халқының саны – 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).
Әйелдер саны ерлерден көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.
Қазақстан бойынша 26 адамның есімі – Астана.
2025 жылы қалада 27,4 мың сәби дүниеге келген.
18 жасқа дейінгі балалар саны – 545 мың. Оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз (2026 жылдың басындағы дерек).
2026 жылдың алғашқы бес айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелген.
2025 жылғы қартаю индексі – 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттар саны).
Қала тұрғынының орташа жасы – 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жыл (2025 жылғы дерек).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).
Құрылыс саласында жұмыс істейтін компаниялар саны – 18,5 мың. Бұл көрсеткіш бойынша Астана елімізде бірінші орында.
Қаладағы пәтерлер саны – 576 мың (2025 жылғы дерек).
Қоғамдық тамақтану орындарының саны – 6 819. Бұл көрсеткіш бойынша Астана Алматыдан кейін екінші орында. Оның ішінде:
- заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары – 2 241;
- жеке кәсіпкерлер – 4 578.
Елордада 31 театр бар.
5 музей жұмыс істейді. 35 кітапхана бар. 24 саябақ орналасқан.
Тұрақты интернетке қосылған абоненттер саны – 443,4 мың (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).
2026 жылдың бірінші тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналастырылған.
Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар.