Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға атом электр стансасы не үшін қажет – сарапшылар пікірі

Қазақстан, АЭС салу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 15:04 Сурет: pixabay
Алматы энергетика және байланыс университетінде Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы семинар өтті. Тақырыпқа қатысты электр және атом энергетикасы саласындағы сарапшылар пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Сарапшылардың пікірінше, атом электр стансасының құрылысы энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешіп, Орталық Азияның Бірыңғай жүйесінде елеулі ақаулар орын алған жағдайда Қазақстанға электр қуатының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Энергетиктер одағының бас директоры Марат Дұлқайыров Қазақстанда атом электр стансасын салу қажеттігін сонау 1998 жылы мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, энергетика саласында жағдай мәз емес, елімізде, әсіресе оңтүстікте қуат тапшылығы байқалуда.

Қазақстанға атом электр стансасы не үшін қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 15:04

Фото: AUES

Бүгінгі таңда атом электр стансасын салудан өзге балама болмайтындай жағдай орын алды. Көмір де, газ да, жаңартылатын энергия көздері де мәселені шеше алмайды. Біз Париж келісіміне қол қойдық, соған сәйкес 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап болуымыз керек, яғни көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларына сенім артуды доғаратын кез келді. Сонымен қатар, оған құрал-жабдықтар енді өндірілмейді, инвесторлар ондай стансалардың құрылысына қаржы салмайды. Ашығын айтқанда, газ жоқ. Жаңартылатын көздерге келетін болсақ, ол тұрақсыз, сенімсіз, болжау мүмкін емес әрі көлемі де аз. Атом электр стансаларын салу ғана қалды. Барша энергетиктер атынан тағы да айтамын – тек қана атом электр стансасы. Бұл – ең таза энергия өндірудің жалғыз жолы.ҚР Энергетиктер одағының бас директоры Марат Дұлқайыров

Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы семинар өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 15:04

Сурет: AUES

Оның пікірінше, Балқаш өңірі – станса салуға таптырмас орын. Түпкі тұтынушы тұрақты энергиямен қамтамасыз етіледі, ал тарифтер аз-маз көтеріледі.

«Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин әріптесінің пікірін құптайтынын айтты.

Қазір Балқаш стансасын 90-жылдары тамашаладық. Сол кезге қарағанда қазір алғышарттар әлдеқайда көп. Қазақстан Париж келісіміне қол қойды және ол елімізге «көміртегі ізін» азайтуды міндеттейді. 2026 жылдан бастап трансшекаралық көміртек салығы енгізіледі, яғни қаласақ та, қаламасақ та, көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларында электр энергиясын өндіруді қысқартуға тура келеді. Сондықтан Қазақстанға атом энергиясы қажет.«Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин

Сарапшылардың түсіндіруінше, еліміздегі генерациялаушы қуаттардың негізгі бөлігінің тозығы жеткен, сондықтан энергетикалық жүйені жаңғырту және атом энергетикасына көшу мәселесі өзекті болып қала береді.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов бұған дейін Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға әлеуеті жеткілікті екенін, атом электр стансасын салу электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешудің ең перспективалы жолы болатынын айтқан еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза ядролық энергиясыз Қазақстанға «бүкіл экономиканы жоғалту» қаупі туып тұрғанын мәлімдеген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: