Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда атом электр станциясының қандай нұсқалары қарастырылуда

Қазақстанда атом электр станциясының қандай нұсқалары қарастырылуда?, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 15:37 Сурет: unsplash
XV KazEnergy Еуразиялық форумында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайындық кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қазанда XV Еуразиялық энергетикалық форумда атом электр станциясының құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірнеше нұсқа қарастырылып жатқанын атап өтті.


"Қазіргі уақытта АЭС құрылысы үшін әлеуетті жеткізушілерді (арнайы жабдықты жеткізетін компаниялар – ред.) іріктеудің алдын ала кезеңі жүріп жатыр. Қазірдің өзінде төрт қатысушының тізімі ресми түрде қалыптастырылды. Олар Франция, Қытай, Ресей Федерациясы мен Корея. Бұл тізімге қосымша Энергетика министрлігі біздің американдық әріптестеріміздің шағын модульдік реакторларды салу жөніндегі екі ұсынысын қарастыруда". Алмасадам Сатқалиев

Бұл ретте министр мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін жалпыхалықтық референдум өтетінін баса айтты. Атом электр стансасы мәселесі бойынша кейінгі барлық шешімдер референдум нәтижесіне қарай қабылданады.

26 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Венада өткен МАГАТЭ-нің жыл сайынғы конференциясына қатысып, наурызда Агенттіктің миссиясы еліміздің атом электр станцияларын салуға дайындығын бағалау үшін Қазақстанға келгенін еске салды.

Қазақстанда атом электр стансасын салу мүмкіндігі туралы маңызды сұрақтарға жауаптарды осы жерден табуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: