Тұрғынның күртешесінен 750 грамнан астам марихуана табылды

Есірткі тапты Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сатуға, сақтауға, егіп өсіруге, қолдануға заңмен тыйым салынған есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында, тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметінше, осындай кезекті тексеріс кезінде полицейлерге облыс орталығында жергілікті тұрғындардың бірі есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында хабарлама бойынша есірткі сатады деген күдіктіні Түркістан қаласы көшелерінің бірінен ұстады.

Жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде оның күртешесінің оң жақ жеңінен бір полиэтилен пакетке салынған және ішкі қалтасынан екі қағаз орамаға салынған хош иісті есірткіге ұқсас затты тапты.

Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Оның қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 750 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз