Қостанай тұрғыны танысының телефоны арқылы 16 онлайн несие рәсімдеген

Алаяқ ұсталды Сурет: pixabay
Қостанайда киберқылмыс өршіп тұр. Қаланың 50 жастағы тұрғынын танысы тақырға отырғызып кеткен. Күдікті танысының телефоны арқылы микроқаржы ұйымдардан 16 онлайн несие рәсімдеген. Сөйтіп бір миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан, деп хабарлайды Zakon.kz

Астана телеарнасы таратқан ақпаратқа сай, киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін де алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылған көрінеді. Жалпы жыл басынан бері аймақта 142 адам интернет алаяқтарына алданып қалған.

Күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Айғақ зат ретінде телефон тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның өзге де фактілерге қатысы бар жоғы анықталады. Олжас Мағыпаров, Қостанай облыстық ПД киберқылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз