Қатаң режимдегі колонияда сотталушылар төбелесті

Сотталушылар төбелесті Сурет: pixabay
Аса ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы өзара төбелесті. Оқиға 20 ақпанда болды, бұзақыларды түрме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерилері дер кезінде ажыратты, деп хабарлайды Zakon.kz

Оtyrar таратқан ақпаратқа сай, ИЧ-167/2 колониясындағы сотталушылар арасындағы жанжал төбелеске ұласты.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ІІД хабарлағандай, төбелеске қатысушылардың барлығы жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді, сотталғандардың өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді.

Оқиға дерегі бойынша мекемеге жедел-тергеу тобы мен прокуратура өкілдері келді. Қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта қатаң режимдегі колонияда жағдай тұрақты.

Айта кетейік, қақтығысқа қатысушылар адам өлтіру, зорлау және тонау бойынша жазасын өтеп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз