Қазақстанда доллар бағамы тағы 3,23 теңгеге көтерілді

Доллар бағамы, доллар, рубль, юань, теңге, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 11:44 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) таратқан мәліметке сәйкес, 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 437-439 теңгеге , еуро 494-497 теңгеге, рубль – 5,55-5,63 теңге сатылып/сатып алынып жатыр.

23 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да көтеріліп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 0,37%-ға өсіп, 92,27 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны барреліне 0,31%-ға өсіп, 94,14 долларға жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: