Доллар бағамы 2,49 теңгеге өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы бірден 2,49 теңгеге көтеріліп, 428,59 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Кешегі саудада Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,6971 (+0,0093) теңге, қытай юані 66,8389 (-0,2465) теңге болды. Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ.
Ақша айырбастау орындарында доллар 429 – 431,5 теңгеге, еуро 488 – 491,5 теңгеге, рубль 5,71 – 5,79 теңгеге сатылды/сатып алынды.
Ал 11 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,28%-ға төмендеп, барреліне 89,65 доллар болды.
Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,42%-ға арзандап, барреліне 91,03 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript