Қазақстанда АЭС салуға қанша қаражат жұмсалуы мүмкін

АЭС, Қазақстан, ҚР Энергетика министрлігі Сурет: pixabay
ҚР Энергетика министрлігі атом электр стансасын салуға қажетті ықтимал соманы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қуаты 1000-1200 МВт болатын бір энергоблоктың құрылысына шамамен 5 миллиард доллар кетеді. Нақтырақ соманы нақты жеткізушіні анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана айтуға болады. Бұған көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ сома шамамен осындай. ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов

Оның айтуынша, қаржыландыру көзі де келіссөздер барысында анықталады, өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі тетіктері бар.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР Энергетика министрлігіне қарасты электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев АЭС-тің тиімділігі туралы айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз