Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы шешім биыл қабылдануы мүмкін

АЭС құрылысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 12:00 Сурет: pixabay
Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім 2022 жылы қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Сенат отырысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Нұрмағанбетов АЭС салынатын жер әлі таңдалмағанын, бірақ бұл мәселе қарастырылып жатқанын атап өтті.

Есептеулер көрсеткендей, Экологиялық кодекске сәйкес мақсатымызға жету үшін Қазақстанға шығарындысыз жаңа үлгі құру қажет. Бірақ орны, көлемі, пішіні әлі анықталған жоқ. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов

Бұл ретте ол атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдау мерзімі туралы мәселеге қатысты пікір білдірді.

Шешім, менің ойымша, 2022 жылы белгілі болады. Құрылыс бойынша. Кеңес дәуірінде де көптеген орындар қарастырылды. Бұл Үлкен, Курчатов, Батыс Қазақстандағы жерлер. Батыста атом электр станциясы болды, ол жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілі

Ол сондай-ақ атом энергиясын пайдаланудан бас тартқан Германияның мысалына тоқталды.

Сіз әлемдегі барлық адамдар бас тартады дедіңіз. Иә, Германияның мысалы айқын. Бірақ көрші Франция, керісінше, 20 жаңа реактор салу жұмысын жандандырды. Әр ел өзінше таңдайды. Финляндия, Беларусь, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия – қазір әлемде 50 реактор салынып жатыр. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: