Қостанай қаласының тұрғыны үйінде қарасора өсірген

марихуана өсірді Сурет: pixabay
33 жастағы жігіт бір бөлмені арнайы жабдықтап, жылыжайға айналдырған. Дәл осы жерден өсімдік бұталары табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасы таратқан ақпаратқа сай, Қостанайда өз үйінде қарасора өсірген қала тұрғыны ұсталды.Тінту барысында күдіктіден 55 грамнан асатын есірткі заты тәркіленген.

33 жастағы жігіт бір бөлмені арнайы жабдықтап, жылыжайға айналдырған. Дәл осы жерден өсімдік бұталары табылды.

Полицейлер оның тыйым салынған шөпті не үшін өсіргенін анықтау үстінде. Ал тәркіленген марихуананы күдікті өзі қолданғанын айтып ақталған көрінеді. Ол бұған дейін де есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған.

Жыл басынан бері аймақта есірткіге байланысты 63 факті анықталды. Жалпы салмағы 4 келіден астам есірткі тәркіленген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз