Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің күні бегілі болды

жекпе жек, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2022 10:50 Сурет: Instagram/alash_ulandary
9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында Геннадий Головкин мен Риота Мурата орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Мұрата Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы трилогияның жолында тұрған жалғыз боксшы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапониядағы COVID-19 шектеулеріне байланысты кейінге қалдырылған GGG және Мурата жекпе жегі енді 9 сәуірде өтеді, деп хабарлайды ESPN.

Айта кетейік, жекпе-жек туған күнінің ертеңіне өтеді – 8 сәуірде қазақ боксшысы 40 жасқа толады.

Бұған дейін хабарланғандай, жапондықты жеңген жағдайда Головкин Альвареспен үшінші кездесуін өткізеді, ол 17 қыркүйекке жоспарланған.

Бұл трилогия тек бір шартпен өтеді: Головкин мен Альварес алдағы жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, жарақатсыз өтуі керек.

Соңғы рет Геннадий Головкин екі жыл бұрын поляк Камиль Шереметті жеңген кезде рингке шыққан. Ал Риота Мурата 2019 жылдың желтоқсан айында канадалық Стивен Батлерді нокаутқа түсіріп, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: