Тоқаев Ресей және Украина президенттерімен сөйлескені жайлы Twitter-де жазды

президент ресей мен украина президеттерімен сөйлесті Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында Владимир Путинмен және Владимир Зеленскиймен болған әңгіме туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенің айттым.

Президент Тоқаев сондай-ақ Владимир Зеленскиймен болған әңгіме жөнінде де жазды.

Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенің айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік , - деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ресей мен Украинаны диалогты жалғастырып, бейбіт жолды табу үшін бар күш-жігерін салуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз