Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлыбритания Қазақстанға санкция енгізуге ниетті емес – СІМ

Қазақстан Ұлыбритания, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 13:15 Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен онлайн түрде кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Роман Василенко Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен жүздесті.

Сұхбат кезінде Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге шақыру бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдар талқылады.

Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады, – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге тараптар 30 жылда қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейі туралы әңгімелесті.

Кездесуде талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша толық өзара түсіністік расталды және тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді әрі жан-жақты дамытуға дайын екенін білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: