Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов Ұлыбритания СІМ басшысымен кездесті

Жұмыс сапары Сурет: akorda.kz
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму істері жөніндегі министрі Джеймс Клеверлимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Ұлыбритания – Қазақстанның Еуропа құрлығындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.

Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 60%-ға өсіп, $1,8 млрд-тан асты.

Сондай-ақ Біріккен Корольдік Қазақстанның ТОП-10 инвесторының қатарына кіреді: 2005 жылдан бастап республикаға шамамен $16,5 млрд тікелей инвестиция салынды. Оң өсу үрдісі соңғы жылдары да жалғасуда.

"Қазақстан Үкіметі Ұлыбританиямен барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ниетті. Бұл тұрғыда Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы Қазақстан-Британ келісімін қабылдау маңызды қадам болмақ", — деді Әлихан Смайылов.

Ол өзара сауданы кеңейту аясында Қазақстан Ұлыбританияға 100-ден астам тауар позициясы бойынша $800 млн-ға жуық сомаға өнім экспортын ұлғайтуға дайын екенін айтты. Бұл ретте энергетика бойынша "жасыл" сутегі өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, ал логистикалық салада – Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қызығушылық тудырады.

Өз кезегінде Джеймс Клеверли Қазақстан Ұлыбританияның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі әрі Біріккен Корольдік елімізбен барлық өзара тиімді бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

"Ұлыбритания мен Қазақстан орнықты әрі берік қарым-қатынастың негізін қалады, менің ойымша, ол барынша даму әлеуетіне ие. Бұл бізге алдағы қадамдарымызды, келешекте қандай перспективалар ашылатынын талқылауға мүмкіндік береді", — деді Джеймс Клеверли.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің қатысуымен Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экологиялық таза сутегі мен аса маңызды минералды шикізат дамыту саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: