Brent маркалы мұнай бағасы тағы көтерілді

Мұнай бағасы, мұнай, рекорд, әлем Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Brent мұнайының құны барреліне 130 долларға жетіп, 2012 жылғы рекордтық бағадан асып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости сайтының жазуынша, Нұр-Сұлтан уақытымен 5:28-дегі жағдай бойынша мамыр айындағы фьючерстер 9,35% өсіп, барреліне 129,06 доллар болды. Сәуірдегі WTI фьючерстері 9,68%-ға өсіп, 126,12 долларға жетті.

Сағат 5:06-да Brent бағасы сауда деректері бойынша 130,3 долларға дейін көтерілді, ал максималды мәні 130,89 доллар болды. Мұнайдың бұл маркасының тарихи максимумы 2008 жылы, баррелінің құны 143 доллардан асқан кезде тіркелген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз