Шымбұлақта қар көшкіні болып, бір адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Шымбұлаққа келген тұрғын қар көшкінін түсіретін машинамен соқтығысу салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 наурыз күні Шымбұлақ тау курортына келуші қар көшкіні түсіретін құралмен соқтығысуы салдарынан шаңғы тебу кезінде қар көшкінінің астында қалып, мерт болды. 10:58-де курорттық құтқарушыларға Комби-2 тірегінің 8-ден жоғары аймағында қар көшкіні түскені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сағат 11:02-де жеткен құтқарушылар қар көшкінін бөлетін көлік маңынан адамды тапты, - делінген Шымбұлақ курорты әкімшілігінен келген хабарламада
Құтқару операциясы үш минуттан аспады. Сағат 11:05-те шаңғышыны денесіне еш жарақат тигізбей қазып алды. Келуші шаңғы тебуге рұқсат етілген, белгіленген соқпақтардан өтіп, қоршаудың сыртына шығып кеткен. Ер адамның қар көшкініне қарсы қажетті құрал-жабдықтары, атап айтқанда бипер, бұрғы және күрегі болмаған.
Сағат 11:25-те ол фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізілді. Ал сағат 11.29-да фельдшерлік пункт қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады. Ер адам қар көшкініне ұрынғандықтан қар оны көшкінді түсіретін машинаға апарып тастаған. Кейін ол кескіштің бұрышымен соқтығысқан кезде бас жарақатын алған.Шымбұлақ әкімшілігі
Курорт әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Айта кетейік, бүгін «Қазгидромет» Алматыда дауылды ескерту жасады.
Жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында 10-11 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.«Қазгидромет»
Еске сала кетейік, синоптиктер 10 наурыз күні республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауатынын, ал батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайтынын хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript