Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар бүлігі: Алматы әуежайындағы дүкендерді тонаған үш адам ұсталды

Алматы бүлігі, Алматы әуежайы, ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 11:36 Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полицейлер Қазақстанда қаңтардағы бүлік кезінде ұрлық жасаған үш азаматтан 200-ден астам затты тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобы Алматы қаласындағы әуежай ғимаратында орналасқан дүкенді тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, абоненттік байланыс, сондай-ақ бейнебақылау камераларынан түсірілген бейнежазбаларды қарау кезінде үш күдікті анықталған: әпкесі мен сіңілісі және олардың бірінің күйеуі. Олардың барлығы Алматы облысының тұрғындары.

Анықталғандай, қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні тәртіпсіздіктер кезінде жоғарыда аталған азаматтар әуежайда бөтеннің мүлкін ұрлап кеткен. Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде заттай айғақ – элиталық алкоголь, сондай-ақ 130 дана парфюмериялық және косметикалық өнімдер тәркіленді. Сонымен қатар кофеханадан, кәдесыйлар дүкенінен және дәріханадан ұрланған тауарлар алынды. Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы, яғни ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, 40 жастағы ер адамға қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, 34 жастағы және 26 жастағы әйелдерге қатысты жас балаларының болуына байланысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: